Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Туған жердің бір тұлғасы» 09.04.2025 | 9 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ы. Алтынсариннің шығармашылығын зерттеуші Серікбай Оспанұлының 80 жасқа толуына арналған «Туған жердің бір тұлғасы» атты шығармашылық кеш өткізді. Іс-шара аясында қатысушылар ақынның шығармашылық жолы, оның әдеби мұрасы мен ғылыми еңбектері туралы білді. Атақты жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар мерейтой иесінің әдебиет пен ғылымға қосқан үлесі туралы өз ойларын ортаға салды. Кеш барысында қаламыздың жоғары оқу орындарының студенттері Серікбай Оспанұлының шығармаларын жатқа оқып, оның өлеңдеріне шығарылған әндерді шырқады. Қаламдас әріптестері, шәкірттері мен ақын шығармашылығының жанкүйерлері жеке әсерлерімен және мерейтой иесінің басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісті. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|