Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ой мен сөздің ұстасы» 08.04.2025 | Абонементтер бөлімінде ақын, фольклоршы және қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туған күніне орай «Ой мен сөздің ұстасы» атты бір автордың көрмесі ұйымдастырылды. Ғұмар Қараштың шығармашылығы әртүрлі жанрларды қамтиды, оның ішінде ақынның туған жері мен халықтың дәстүрлерін жырлайтын поэзиялары, әндері мен аңыздары бар. Көрмеге жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы ақпарат беретін әртүрлі мерзімді баспа материалдары мен мақалалары кіреді. Сондай-ақ көрмеде автордың өз шығармалары, оның ішінде «Замана» өлеңдер жинағы және «Антология казахской поэзии» басылымы ұсынылған. Сонымен қатар экспозицияны Ғұмар Қараштың шығармашылық мұрасы жайындағы «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» және «Аманаты алаштың» кітаптары толықтырады. Көрме оқырмандарға осы бір көрнекті қайраткердің Қазақстанның әдеби және қоғамдық өміріне қосқан зор үлесімен танысуға мүмкіндік береді. Бір ай бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|