Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тығылмақ ойнамаймын»
25.06.2024
24 маусымда Өлкетану әдебиеттері бөлімі жас ақын, көптеген әдеби байқаулардың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулет Жадырасынның «Тығылмақ ойнамаймын» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Дәулет Жадырасын Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген, алайда оның ақын ретінде қалыптасуы Қостанай жерінде өтті.
Кездесуге Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әбдірахманов Мэлс Бейбітұлы, Қостанай облыстық мәслихатының бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Манасбаев Серік Шотбайұлы, Қостанай облыстық мәслихатының бюджет және өңір экономикасын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы, Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының төрағасы Аязбеков Жанұзақ Аязбекұлы, қала мен облыстың шығармашылық зиялыларының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының студенттері қатысты.
Көрермендер назарына Дәулет Жадырасынның түрлі тақырыптағы шығармаларды қамтитын «Тығылмақ ойнамаймын» атты жаңа поэтикалық жинағы ұсынылды. Олар тек жас ақынның сөз саптау шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге жүрекке жақын сарынымен де ерекшеленеді.
Тұсаукесер Арыстан Құрмановтың «Қостанай» әнін орындауымен, сондай-ақ оның достары мен қаламдас әріптестерінің сөз сөйлеулерімен сүйемелденді.
Тұсаукесер үлкен табыспен өтті және қатысушылар авторға шығармашылығы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus