Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ақынның айтқан жыры жоғалмайды»
03.06.2024
Өлкетану әдебиеттері бөлімі назарларыңызға ақын, драматург Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналған сирек кітаптар мұражайының «Ақынның айтқан жыры жоғалмайды» атты кітап көрмесін ұсынады.
Жұрт Пушкин туралы не біледі? Адамдардың көпшілігі ақынның өмірбаянын, әйгілі шығармаларын, мектептің әдебиет пәніндегі ақпаратты біледі және осымен аяқталады деуге болады.
Бірақ ақынның өмірі мен шығармашылығы тек Болдинның күзінен ғана тұрған жоқ, ол тағдырдың талай тартуын басынан кешті, дуэльге де шықты және 37 жасында мезгілсіз опат болды. Сонымен қатар жаңалықтардың куәсі болды, көптеген жұртпен жүздесті, жаңа әдеби тіл жасауға қатысты, талай рет дауға түсті, түрлі тұлғалармен тіл табысты, жеңістер мен жеңілістерді бастан кешті. Қысқа өмірінде бұл адам 1812 жылғы соғысқа, Санкт-Петербургтегі алапат су тасқынына және декабристердің көтерілісіне куә болды.
Ақын туралы көбірек білгіңіз келе ме, Пушкин дәуіріне еніп, ақынның шығармашылығын жақсы түсінгіңіз келе ме? Кітап көрмесінде ұсынылған замандастарының естеліктері, әдеби сын, Пушкиннің керемет көркем шығармалары: ертегілері, өлеңдері, әңгімелері сіздің бұл ойыңыздың орындалуына көмектеседі.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ