Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Бірлестік, ынтымақтастық және жасампаздық: кітапхана қауымдастықтары мен серіктестіктерін дамыту – мамандығымыздың болашағының кепілі»
03.06.2024
Назарбаев университетінің кітапханасы ИФЛА-ның «Кітапхана қауымдастықтарының менеджменті» секциясымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханалары қауымдастығының қолдауымен 29–31 мамыр аралығында Астанада академиялық кітапханалардың 13-ші Еуразиялық конференциясын өткізді.
Ұйымдастырушылардың шақыруымен «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі А. А. Ерғалиева аталған іс-шараға қатысты.
Конференция әлемнің түрлі елдерінен және Қазақстан Республикасының өңірлерінен кітапхана ісінің мамандарын жинады. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, кітапханалардың қызметтері мен ресурстарының сапасын арттыруды, кітапхана ісін дамытудағы жаңа технологиялар мен жасанды интеллекттің рөлін, сондай-ақ кітапханалардың ғылыммен өзара іс-қимылын талқылады.
#EALC2024
@library.nu.edu.kz
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus