Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық кәсіби ынтымақтастық
30.05.2024
2024 жылғы 30 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы екі халықаралық іс-шараға қатысты.
Кітапханаларды дамыту бөлімі «БиблиоФест-2024» XI халықаралық фестивалі аясында Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының кітапхана-ақпараттық факультеті Ресей кітапханалар қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық секциясымен бірлесіп ұйымдастырған «Волонтерство в странах Содружества как инструмент формирования кадрового потенциала в сфере культуры» вебинарына қатысты. Қатысушылардың назарына «Роль волонтерства в библиотеках Костанайской области» баяндамасы ұсынылды.
Вебинарда волонтерлік тәжірибе мен практика алмасу үшін ТМД елдерінің мәдениет және білім беру мекемелерінің өзара әріптестік іс-қимыл мәселелері қаралды. Вебинар ТМД елдеріндегі волонтерлік институтты дамытуға бағытталған кәсіби байланыстар орнатуға және бірлескен ерікті жобаларды іске асыруға ықпал ететін ашық диалог алаңына айналды. Диалогқа Қазақстан, Беларусь, Әзірбайжан, Ресей өкілдері қатысты.
Әмбебап оқу залы жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасы ұйымдастырған «Инклюзивные проекты и практики в пространстве библиотек: опыт, тренды, будущее» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Кітапхана «Безбарьерная среды и инклюзивные практики. Опыт работы Костанайской областной универсальной научной библиотеки имени Л. Н. Толстого» баяндамасын ұсынды.
Конференцияға қатысушылар, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының кітапханалық қоғамдастықтарының өкілдері инклюзия мәселелерінің спектрін, қабылдау ортасын құру процестерін және мәдениет мекемелеріне тартылатын жобаларды қарады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus