Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Турмаханбетова, Ш. Ш. Территориялық маркетинг
65.050я7
Т 81
Турмаханбетова, Ш. Ш.
Территориялық маркетинг [Мәтін] : оқу құралы / Ш. Ш.
Турмаханбетова, Р. Е. Ағыбетова ; Л. Н. Гумилев ат. Еуразия
ұлттық ун-ті. – Алматы : ADAL KITAP, 2023. – 116 б.


Оқу құралында берілген материалдар білім алушыларға практикалық сабақтарға, рефераттар, баяндамалар, эссе жазуға, сонымен қатар оқытушының тапсырмасына сәйкес өзге де деңгейдегі өзіндік жұмыстарды орындауға көмектеседі.
Территориялық маркетинг пәні жоғары оқу орындарының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыттары бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламасының таңдау курстарына өте жиі кіретін пән болып табылады. Оқу құралында территориялық маркетинг ұғымын, оны ұйымдастырудың теориялық және практикалық аспектілерін ашатын негізгі ережелер, территорияларды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында оның құралдары мен механизмдерін практикада қолдану карастырылады.
Оқу құралы алты тараудан тұрады, олардың әрқайсысында теориялық материал, бақылау сұрақтары мен тапсырмалары, тест тапсырмалары, сондай-ақ берілген білімді практикалық пысықтауды талап ететін тапсырмалар бар.
Әрбір тарауға: оған енгізілген ұғымдардың мазмұнын ашатын сөздік; бақылау сұрақтары мен өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар; оқытушы бағалайтын тест, сұрақтарға жауап; алынған білімді бекітетін практикум материалдары қоса беріледі.
Бұл оқу құралы территориялық маркетингті жүзеге асырудың көптеген тәсілдерін тақырыптап қана қоймай, сонымен қатар заманауи территориялардың маркетингтік әлеуетін арттыру бағыттарын көрсетеді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ